18 қараша 2020
"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
Халықаралық студенттер күніне орай колледжімізде «СТУДЕНТТІК, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» атты мерекелік концерт өтті.
Ковидке қарсы санитарлық талаптарды сақтай отырып, шектеулі адамдармен өткізілген бұл шара инстаграм желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Колледждің қалған студенттері мен оқытушылары осы желі арқылы тамашалады. Концерт барысында мерекенің шығу тарихы туралы мәлімет беріліп, студенттік әзілдер мен әндер айтылып, күй тартылды, өлең оқылды.
Мереке қарсаңында өткен «Біз таланттарды іздейміз» кастинг-конкурсының және «Бұл менің колледжім» видеороликтер сайысының жеңімпаздары марапатталды.
Ағымдағы жылдың 9-16 қараша күндері Телеграм каналы арқылы «Үздік студент - 2020» байқауы жүргізілді. Байқауға 11 үміткер қатысты. Оларға 7515 адам дауыс берген.
Дауыс беру қорытындысы келесідей болды:
3-ші орын – Жумабаев Бек, ШБ-18-1 тобының студенті;
2-ші орын – Тилекбаева Феруза – МБ-17-1 тобының студенті;
«Үздік студент - 2020» атағының иегері- МБ-17-1 тобының студенті Чанбаева Жанат.
Колледж директоры М.Н.Утебаев байқау жеңімпаздарын марапаттап, жеңімпаздарға арнайы сыйлық – статуетка, грамота, ақшалай сертификаттарды табыс етті.