Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау гуманитарлық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Өмірбаяны

Утебаев Мазилбек Нурбосынович

Утебаев Мазилбек Нурбосынович, 11 қаңтар 1969 жылы Маңғыстау облысындағы Шайыр ауылында дүниеге келіп, 1986 жылы Таушық ауылындағы шахта орта мектебін бітірді.

1986-1993 жылдары аралығында Әл фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің математика мамандығы бойынша білім алып, 1987-1989 жылдары кеңес әскері қатарында қызмет етті.

1993 жылдан 2011 жылға дейін Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, декан орынбасары, оқу басқармасы басшысы қызметін атқарды.

Университет қабырғасында жұмыс жасай жүріп, 1998 жылы 01.01.02 – дифференциялдық теңдеу мамандығы бойынша «Дифференциялдық оператордың шекаралық шарттарын қалпына келтіру» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, 2003 жылы математика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды. Осы мерзім ішінде  2 оқу құралы, 15 ғылыми-әдістемелік мақалалары жарық көрді.

2011 - 2013 жылдары аралығында Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының директоры қызметін атқарды.

2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау гуманитарлық колледжі директоры қызметін атқарып келеді.

1993-2016 жылдары аралығында  2 рет  (2006 ж., 2009 ж.) білім және ғылым министрінің Құрмет  грамотасымен, 2012 жылы облыс әкімі құрмет грамотасымен, 2015 жылы Ақтау қаласының алғыс хатымен, 2016 жылы облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.

Жұбаймен, екі ұл бір қызы бала тәрбиелеп өсіріп, олардан төрт немере тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.

Утебаев Мазилбек Нурбосынович, физика - математика ғылымдарының кандидаты, доцент. 

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері