Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Маңғыстау гуманитарлық колледжі


Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау, 2-шағынаудан, №57 ғимарат

Байланыс:
8(7292) 50-72-59

Колледж туралы

28 тамыз 2012

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

«Маңғыстау гуманитарлық колледжі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 1983 жылы 12 - сәуірде құрылған (Қазақ ССР - нің халық ағарту министрлігінің 12.04.1983ж. № 261 бұйрығы) және «Маңғышлақ педагогикалық училищесі» деп аталған.

Қайта ұйымдастыру және өзгертулері жайында мәлімет:

- 29.01.1991 жылы облыс атауының өзгеруіне байланысты Қазақ ССР - нің халыққа білім беру Министрлігінің №46 бұйрығы негізінде оқу орны «Маңғыстау педагогикалық училищесі» болып өзгертілді.

- 1991 жылғы 01 шілдеден бастап, Қазақ ССР - нің халыққа білім беру Министрлігінің 21.06.1991 жылғы №291 бұйрығы негізінде жалпы білім беру мектептеріндегі бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілерін дайындау сапасын көтеру үшін Маңғыстау педагогикалық училищесінің базасында эксперименттік тәртіпте жоғары үлгідегі орта кәсіптік оқу орны ұйымдастырылды, бұл - Маңғыстау педагогикалық колледжі.

- 1997 жылдың 08 мамырынан Қазақстан Республикасының Жоғары Үкіметінің «Қазақстан Республикасының білім және мәдениет министрлігінің жоғары және орта кәсіптік оқу орындары туралы» №814 қаулысы негізінде Маңғыстау педагогикалық коллдежі Маңғыстау гуманитарлық колледжі деп өзгертілді.

- 1999 жылдың 16 маусымында Маңғыстау облыстық білім басқармасының №31 бұйрығы негізінде «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны деп аталды.

- 2002 жылдың 24 сәуірінде Маңғыстау облыстық білім басқармасының №83 – ОД бұйрығы негізінде МҚК «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны деп өзгертілді.

- 2005 жылдың 26 желтоқсанында Маңғыстау облыстық Әкімшілігінің №414 қаулысының негізінде колледж Маңғыстау облысының білім Департаментінің «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны деп өзгертілді.

- 2008 жылдың 05 қарашасында Маңғыстау облыстық Әкімшілігінің 2008.05.10ж. №1489 қаулысы негізінде колледж Маңғыстау облыстық білім Басқармасының «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны деп өзгертілді.

Колледж Маңғыстау облысының Әділет Департаментінде 26.01.2009ж. №2745-1943 – ГП белгісі бойынша қайтадан тіркелген (алғашқы тіркеу мерзімі 14.06.1999ж). Маңғыстау облыстық Әкімшілігі бекіткен 05.11.2008ж. №1489 Жарғысы негізінде қызметін жүзеге асырып келеді.

Колледж жұмысында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулыларын, 19.06.1999ж. «Мемлекеттік мекемелер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, сонымен бірге Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілерін басшылыққа алып отырады.

Колледждің орналасқан орны: Маңғыстау облысы,130000, Ақтау қаласы, екінші шағынаудан, №57 ғимарат. Тел./факс: 8 (7292) 50-72-59. E-mail: MGK2006@yandex.ru

Колледждің меншікті иесі – Маңғыстау облысының Әкімшілігі, уәкілеттілігі – Маңғыстау облыстық білім Басқармасы.

Маңғыстау облыстық білім басқармасының 2009 жылдың 29 сәуірінде берілген №00032357 АБ сериялы мерзімі шектелмеген мемлекеттік лизенциясы негізінде күндізгі және сырттай оқу түрінде келесі мамандықтар бойынша Маңғыстау облысының аймағында колледж білім беру қызметін жүзеге асырып келеді:

Мамандығы: 0101000 - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту.

Біліктілігі: 010101 3 - Мектепке дейінгі  ұйымдардың тәрбиешісі

Мамандығы: 0103000 – Дене тәрбиесі және спорт.

Біліктілігі: 010302 3 - Дене  тәрбиесі  және спорт  пәнінің мұғалімі

Мамандығы: 0111000  Негізгі орта  білім беру

Біліктіліктері:

011106 3 - Математика мұғалімі

011109 3  - Информатика мұғалімі

011102 3 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

011105 3 - Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

011108 3- Шетел тілі  мұғалімі

 

 

ҚР мемлекеттік рәміздері